Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Бірақ біз оларды білуіміз керек» - Назарбаев Қордайдағы қақтығыс туралы

"Қазақстанда ондайлар көп емес, яғни бірдеңе жасағысы келетіндер немесе ұрысқысы келетіндер көп емес".

«Бірақ біз оларды білуіміз керек» - Назарбаев Қордайдағы қақтығыс туралы
фото: Эхо Казахстана

Қордайда болған қақтығыстың ешқандай саяси астары жоқ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.

"Бәрімізге сабақ болған Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қайғылы оқиғаны еске алайық. Бізге Ассамблеяда адамдармен қазақ және орыс тілдерінде сөйлесе алатын, мемлекеттік саясатты түсіндіре алатын адамдар керек, ал жергілікті кеңестер мен қоғамдық келісім кеңестері мықты жұмыс істеуі керек, жергілікті жерлердегі проблеманы білуі керек", - деді Елбасы.

Елбасы жергілікті кеңестер мен әкімдіктердің бірлескен жұмысы түрлі этностық топтардан анағұрлым тиімді болуы керегін еске салды.

"Қазақстанда ондайлар көп емес, яғни бірдеңе жасағысы келетіндер немесе ұрысқысы келетіндер көп емес. Бірақ біз оларды білуіміз керек. Әкімдіктермен, кеңестермен, құқық қорғау органдарымен, Ассамблеямен бірлесіп, барлығын біліп жүруіміз керек.

"Яғни профилактикалық әңгімелер жүргізілуі тиіс. Бір жағдай реттелмей жатса, көмек көрсетіп, биліктегілерге айтып, қоғамдық тәртіпті нығайту керек. Сондықтан мұның ешқандай саяси астары жоқ", - деді Елбасы.

Айта кетейік, биыл 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, 25 қылмыстық іс қозғалды.

Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттары мен атыс қаруын қолданған болатын. Қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тапқан еді.