Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

"86 медаль жеңіп алған": Асхат Аймағамбетов биыл кімдер ҰБТ-дан босатылатынын айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық университетерде бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"86 медаль жеңіп алған": Асхат Аймағамбетов биыл кімдер ҰБТ-дан босатылатынын айтты

Бүгін Білім және ғылым министрлігі 2022 жылғы Дүниежүзілік гимназиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Қазақстандық оқушылар әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алған еді. Енді олар жаңа бұйрықтың артықшылығын бірінші болып көріп, университеттерге гранттар иеленеді.

Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды,

— деп хабарлады министр.

Оның айтуынша, жас дарындар осындай қолдауға мемлекет басшысының шешімі арқасында ие болып отыр.

Бұған дейін Білім министрі оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, қызметінен директор кететіні туралы мәлімдеген еді.