Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодарда дүкеннен арақ ұрлаған адам ұсталды

Дүкен қызметкерлері болған оқиға туралы полицияға хабарлады

Павлодарда дүкеннен арақ ұрлаған адам ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда супермаркеттен бір шөлмек арақ пен бір банка паштет ұрлаған адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл жыл басынан бастап облыс дүкендерінде 137 ұрлық жасалып, оның 96-сы ашылды.

Мысалы, 8 қарашада қаладағы сауда үйлерінің бірінен “Журавль” маркалы бір шөлмек  арақ пен  бір банка паштет ұрланған.

Ұрының қылмыстық әрекеттері сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған. Дүкен қызметкерлері болған оқиға туралы полицияға хабарлады. Полиция қызметкерлері ізін суытпай ұрының жеке басын анықтады. Ол Ақсу қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын сотталған ер адамға қатысты ҚР ҚК 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.