Ақтау көшелерінде көлік терезесіне шығып, көк лента бұлғаған мектеп бітірушілерді полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Куәгерлер жеңіл және жүрдек машиналардың жол ережесін өрескел бұзған сәтін түсіріп алған. Кадрларда көліктердің мемлекеттік нөмірі анық көрінеді. Жол қозғалысына қауіп төндіргендер әкімшілік жауапқа тартылады дейді құқық қорғаушылар.