Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бес адам ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бес адам ұсталды

«Түркістан облысының ҚМА аумақтық департаменті Сайрам ауданы аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған жергілікті тұрғынды құрықтады», – дейді агенттік.

Қылмыстық топ бес адамнан құрылған. Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 262-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір ұйымдастырушы мен бір сыбайласы ұсталып, Түркістан қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды, – дейді ведомство.