Дүкен мен асхана өнімінің бағасында 50-70 пайызға дейін айырмашылық бар.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook желісінде кезекті жазбасын мектеп асханаларының мәселелеріне арнады. Оның жазуынша, министрліктің мектеп, колледж және балабақшаны басқару бөлігінде құзыреті жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстардың бәрі заңмен жергілікті әкімдіктерге бекітілген, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Осы орайда министрлік мәселені тек бақылауға ала алатынын ескерткен білім министрі нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешілетін 4 проблеманы атады:
"Біріншіден, біз конкурссыз еке қаржылық бастама (ЖҚБ) бойынша емес, конкурс өткізілу керек деп санаймыз. Екіншіден, салым сомасы аз мөлшерде, мысалы, 5-7 млн теңге емес, тиісті көлемде болуы маңызды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын есте сақтап, бұл қаражаттар тоңазытқыштар, плиталар, үстелдер мен орындықтарды сатып алуға жұмсалатынын түсіну маңызды. Яғни, сайып келгенде кәсіпкер өз жұмысына қаражат салады. Үшіншіден, біз жұмыстың ақылға қонымды мерзімдерін белгілегенді қолдаймыз. Асхананы 15-20 жылға келісімшарт жасау сұрақ туғызады", – деді Асхат Аймағамбетов.
"Министрлікте осы проблемаларды нормативтік деңгейде шешу үшін жұмыс тобы құрылды. Біз заңнамаға бірқатар толықтыру енгізуге бастама жасадық, олардың шеңберінде арнайы нормалар бекітіледі", – деді министр.