Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Марапаттау керек": Пойызда жүрегі сыр берген жолаушыны сарбаз аман алып қалды

Атырау-Алматы бағытындағы пойызда жолаушылардың бірі есінен танып, денсаулығы сыр береді. Абырой болғанда жауынгерлердің бірі оған шұғыл көмек көрсетіп, аман алып қалды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К.-ға сілтеме жасап.

"Марапаттау керек": Пойызда жүрегі сыр берген жолаушыны сарбаз аман алып қалды

Ол әскерге шақырылғанға дейін жедел жәрдемде жұмыс істеген екен.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Ғалым Шойкин есімді желі қолданушысы жазды. Онда қатардағы жауынгер Абылайхан Убайдуллаевтың ерлігі туралы айтылады. Ол жүрегі сыр беріп, есінен танып қалған жолаушылардың бірінің өмірін сақтап қалған.

Кейін есін жиған әйелді вокзалдан Махат ауылының орталық ауруханасына алып кеткен. Дәрігер Рүстем Жалғасбайдың айтуынша, науқас әйелге дер кезінде көмек көрсетілмегенде, барлығы қайғылы аяқталуы мүмкін еді.

Ал желі қолданушылары жолаушының өмірін сақтап қалған жас жауынгерге түрлі тілектерін айтып жатыр.

"Бәрекелді! Марапатталсын. Адамның өміріне араша түскен тамаша азамат. Осындай мейірімді азаматтар көп болсын", "Жасаған жақсылығы жеті ұрпағына жеткенше алдынан шықсын. Бақытты болсын. Азамат", "Жарайсың, Сарбаз!", "Нағыз жігіт екен", "Марапаттау керек", — деп жазды желі қолданушылары.