Қазақстандықтарды үйден шықпауға мәжбүрлеген індет жылдары бала туу көрсеткішінің қарқынды түрде өсуіне әсер етті. Бұндай мәліметтерді energyprom.kz сарапшылары өз есептеулерінде келтіріп отыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандағы бэби бум 2020 жылы басталды, бұл уақытта елде 426,8 мың сәби дүниеге келді. Дегенмен, 2021 жылы бұл рекорд жаңарды: жаңа туған нәрестелер саны бірден 446,5 мың балаға жетті. Яғни 2020 жылғы көрсеткіштер 4,6%-ға өсті, ал «коронавирусқа дейінгі» 2019 жылғы көрсеткшіктер бірден 11%-ға ұлғайды. Үстіміздегі жылдың үш айында ғана 95,6 мың туу туралы куәлік тіркелді, бұл 2022 жылы нәрестелердің бумы жалғасып жатқанын білдіреді.
2021 жылы туу көрсеткіші де өзінше рекорд орнатты: 23,5, яғни 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туған нәресте келеді. Салыстыру үшін: жиырма жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 14,91 болған – бұл халықтың 10 мың тұрғынына шаққанда 149 жаңа туған нәресте келген.
Оның үстіне бала туудың жалпы коэффициенті 3,32-ге жетті, яғни орташа есеппен бір әйелге 3-тен астам баладан келеді – Қазақстан Республикасында мұндай рекордтық көрсеткіштер соңғы екі жылда ғана тіркелді. Салыстыру үшін: 1999 жылы коэффициент небәрі 1,8 болды, яғни әрбір қазақстандық әйел тіпті екінші баланы да дүниеге әкелмеген.
Бір қызығы, бірден 125,1 мың бала немесе 2021 жылы жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 28 пайызы көп балалы отбасында дүниеге келген, яғни олар туу реті бойынша төртінші немесе одан да көп бала болды.
Еске сала кетсек, елімізде төрт және одан да көп баласы бар отбасы көп балалы отбасы болып есептеледі. Оның үстіне он және одан да көп балалы отбасыларда 95 сәби дүниеге келген екен.