Әлеуметтік желіде елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адамның дәл кіреберісте үлкен дәрет сындырған видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Белгілі болғандай, видеоны тұрғын үйдің WhatsApp чатына әкімшіліктің өзі жіберген.
Әйел адамды полиция қызметкерлері ұстап, участкелік бөлімге әкетті. Тұрғындардың айтуынша, ол бұл маңында жиі жүріп, қайыршылықпен айналысқан.
Желі қолданушылары бұл әрекетіне ашуларын білдіріп, аямай айыптады.
"Ұят жоқ", "Мынау не енді, әйел басымен", "Бетін көрсету керек еді", -деп жазды желі қолданушылары.