Жанасыл Болатбек: "Қазақ тілінің болашағын голливудтықтар қалыптастыратын сияқты"

Журналист, блогер Жанасыл Болатбек өзінің Facebook парақшасында қазақ киносы мен қазақ тілінің болашағы жайлы ой қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жанасыл Болатбек: "Қазақ тілінің болашағын голливудтықтар қалыптастыратын сияқты"

Бүгін бір мықты киногер маманмен сөйлестім. Голливудпен тікелей байланыс бар, ресейлік мамандармен де тығыз жұмыс істеп келген екен. Сол жігітпен әңгімелесіп отырып, мына жағдайларға таң қалып отырмын)

- Голливудтық компаниялар қазақ тілінде фильм көрсетуге құлшыныс танытып отыр. Бірақ ол жұмысқа ресейліктердің араласқанын мүлде қаламайды. Құжаттарда оларға қатысты кез келген ақпарат үшін келіссөзден бас тартады.

- Голливудтық, европалық мамандар орысша түсірілген фильмдерді қазақстандық деп қабылдамайды. Ресейлік өнім ретінде көреді.

- Ал орысша түсірілген фильмдерді ресейлік нарыққа апарса, ресейлік мамандар бұл жігітке "қазақтардың фильмдері керемет, өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Бірақ неге өз тілдерінде түсірмейсіңдер, бізге субтитр да жарайды ғой" деп таңқалып айта береді екен.

Бұдан да басқа әңгімелерін тыңдап отырып, қазақ киносы мен қазақ тілінің болашағын қазақтар емес, голливудтықтар қалыптастыратын сияқты ғой деген ойға келдім))