"Айтқым келмеді": Илья Ильин Түркияда басына ота жасатты

Белгілі зілтемірші Илья Ильин оқырмандарға шашын тақырлап алып тастағанын айтып, көпті таң қалдырды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Айтқым келмеді": Илья Ильин Түркияда басына ота жасатты

Кейін белгілі болғандай спортшы шашын қалыңдату үшін Түркияға барып, арнайы кішігірім ота жасатқан.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Ешкімге айтқым келмеп еді, бірақ бәрібір сұрайсыздар. Мен неліктен шашымды тақырлап алып тастап, онда не себепті мынадай кішкентай тіліктер пайда болды деп ойлайсыздар? Себебі "шаш ауыстырдым". Мен мұны бұрыннан бері жасағым келіп жүрген, енді міне сәті түсті, құттықтап қойсаңыздар болады!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әйгілі зілтеміршіні қолдап, жылы сөздерін жаудырған. "Қазақтарда басың аман болсын деген сөз бар, сол сияқты басыңыз аман болса, шаш қайда барады?", "Сізге тақырбас болу да жарасады екен", "Тездетіп сауығып кетіңіз", "Әп-әдемі, бәрі оңынан болсын" деп жазды олар. Айта кету керек, мұндай процедурасы сиреп қалған шашты қалыңдату үшін арнайы ота арқылы жасалады. Адамның бас терісіне шаш талшықтары орналастырылады. Ота жергілікті анестезия арқылы жүзеге асырылады.