"Көптен іздеуде болған": Алматыда алимент төлемеген әке көлігінен айырылды

Алимент төлемеген Алматы тұрғынынан Chevrolet көлігі тартып алынды, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Көптен іздеуде болған": Алматыда алимент төлемеген әке көлігінен айырылды
Сурет: ашық дереккөз

Балаларына бір миллионнан аса теңге қарыз ер адам міндетін қасақана орындамағаны үшін көптен іздеуде болған.

«Chevrolet көлігі тізгініндегі ер адам алимент бойынша үлкен қарызы үшін іздеуде болған. Ұстау кезінде ер адам полиция мен сот орындаушыларына қандай да бір құжаттарды көрсетуден бас тартты», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Көлік айып тұрағына қойылды.