Былтырғы жылмен салыстырғанда бқл көрсеткіш 2,9%-ға өскен.
Жол көлік апатынан қаза болған 563 мың адамның 42-і — кәмелетке толмаған балалар, 145-і әйелдер және 418-і ер адамдар,
— делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандардың үлесі 15,7% (1000 және 856). Көп жағдайда олар көліктердің соқтығысуынан зардап шекті. Көлік апатынан жапа шеккендердің ішінде 20,7% 30-39 жас аралығындағы адамдар (1164), сондай-ақ 20,4%-ы 21-29 жас аралығындағы жастар (1151).
Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының 85%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болады (3245, 2021 жылы — 2656). Оның ішінде 138-і (131) есірткі қабылдаған немесе ішімдік ішкен.