Елімізде төрт айда жол апатынан 42 бала қаза тапты

Биыл соңғы төрт айда елімізде 3,7 мыңға жуық жол апаты болып, соның салдарынан 5,6 мың адам зардап шекті.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К.-ға сілтеме жасап.

Елімізде төрт айда жол апатынан 42 бала қаза тапты

Былтырғы жылмен салыстырғанда бқл көрсеткіш 2,9%-ға өскен.

Жол көлік апатынан қаза болған 563 мың адамның 42-і — кәмелетке толмаған балалар, 145-і әйелдер және 418-і ер адамдар,

— делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандардың үлесі 15,7% (1000 және 856). Көп жағдайда олар көліктердің соқтығысуынан зардап шекті. Көлік апатынан жапа шеккендердің ішінде 20,7% 30-39 жас аралығындағы адамдар (1164), сондай-ақ 20,4%-ы 21-29 жас аралығындағы жастар (1151).

Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының 85%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болады (3245, 2021 жылы — 2656). Оның ішінде 138-і (131) есірткі қабылдаған немесе ішімдік ішкен.