"Шіркін": Гүлзира Айдарбекова жұлдызды әулетімен мақтанды

Хитмен Қайрат Нұртастың анасы ұлдарының ғана емес, келіндері мен немерелерінің де жұлдыз екенін айтты.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Шіркін": Гүлзира Айдарбекова жұлдызды әулетімен мақтанды

Продюсердің кіші ұлы мен келіні іс бастап, киім дүкенінің ашылу салтанатын өткізді. Келушілердің арасында Заңғарға балаларының аузына түкірту үшін кішкентайларын ала келгендер де бар.

Елдер Заңғарға балаларының аузына түкіртіп алуға келіп жатыр. "Жатырым алтын ба" деп қуанып отырғаным. Ұлдарымнан бастап, келін, немерелеріме дейін хит қой, шіркін,

— деп жазды Гүлзира Айдарбекова.