Атырауда 70 жастағы қария үшінші қабаттан секірмек болды

Полиция қызметкерлері балконда ілініп тұрған ер адамды құтқарып қалды.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 мамыр күні сағат 14:00 шамасында Нұрсая мөлтек ауданында болған, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

Атырауда 70 жастағы қария үшінші қабаттан секірмек болды

Адамдар белгісіз ер адамның үшінші қабаттың балконында ілініп тұрған сәтін видеоға түсіріп алған.

Учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Серік Жұмырғожиев пен полиция лейтенанты Аслан Аманғалиев оқиға орнына барып 70 жастағы ер адамды құтқарып қалды,

— делінген хабарламада.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Мән-жайды тексере келе, қарияның өз пәтерінде кілттеніп қалғаны белгілі болды.