Несие тарихы "бұзылған" адамдарға жаңа шектеулер пайда болады

Несие тарихы "бұзылған" адамдарға жаңа шектеулер пайда болады. Бұл туралы "Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру" атты парламенттік тыңдауда мәлім болды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К.-ға сілтеме жасап. 

Несие тарихы "бұзылған" адамдарға жаңа шектеулер пайда болады

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, кезінде кредит тарихы нашар адамдар үшін бәс тігуге (ставка қоюға) тыйым салынуы мүмкін.

Жаңа заң жобасы, бірінші кезекте, заңсыз ойын бизнесі мен онлайн-казиноларға қарсы бағытталған. Сондай-ақ мемлекет осындай шаралар арқылы жастарды құмар ойындарға деген тәуелділіктен сақтауды көздейді.

Казинода, ойын автоматтары бар залдарда кредит карталары арқылы төлем жасауға тыйым салып, кредит тарихы нашар адамдар ставка қоя алмайтындай етуді қарастырып отырмыз. Ал онлайн-казино ұйымдастырушылары үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін,

— деді Ералы Тоғжанов.