"Атыма кір келтіріп жатыр": Қайрат Құдайберген Тоқаевқа ашық хат жазды

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп ұсталған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Президент Тоқаевтан араша сұрап, ашық хат жазды, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

"Атыма кір келтіріп жатыр": Қайрат Құдайберген Тоқаевқа ашық хат жазды
Сурет: Halyk-uni.kz

Ашық хатта ол өзінің кінәлі емес екенін, бұрынғы президенттің отбасымен ешқандай байланыста болмағанын жазған.

«Қанды қаңтар кезінде құлағыңызға жалған ақпарат құйып, сіз Алматыда 20 000 террорист еліміздің біртұтастығына қауіп төндіріп жатыр деп айтуға мәжбүр болдыңыз. Бұл сол кездегі құзырлы құқық қорғау органының бір басшысының әдейі айтылған өтірігі болып шықты. Өкінішке қарай, қазір сізге құзырлы органдар мен туралы жалған ақпарат беруде.

Сол 20 000 террористердің бірі Қайрат Құдайберген деп менің атыма кір келтіріп жатыр. Бұл – оңбайтын жала жабудың өзі», – делінген хатта.