Сырға салуға келген енесіне төсектен тұрмаған келіннің әрекеті желіні шулатты (ВИДЕО)

Салт бойынша құда түсіп, сырға салуға келген қонақтар ұйықтап жатқан болашақ келіндеріне налыды. Рәсімді жасау үшін олар қыздың бөлмесіне кіргенде ол ұйқыдан бас көтермеген. Сырға салу рәсімінде ұйқыдан бас көтермеген келінді болашақ енесі табалады, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

Сырға салуға келген енесіне төсектен тұрмаған келіннің әрекеті желіні шулатты  (ВИДЕО)

Желіде тараған бейнежазбада құдалық рәсімі екені бірден байқалады. Жеңгелері қыздың бөлмесіне сырға салу үшін кіргенде ыңғайсыз жағдайға тап болды. Сол сәтте болашақ келіндері еш қымсынбастан ұйқыдан бас көтермеген.

Қыздың қылығына налыған оның болашақ енесі бірден зекіп, ұят екенін бетіне басты.

"Сырға салуға күтіп тұрмыз. Келін болса ұйықтап жатыр. Мынау не сұмдық?!", — дейді ол шыдай алмай.

Желіде кеңінен тараған бейнежазбаға қатысты қолданушылар түрлі пікір жазып жатыр. Бірі қызды қолдаса, екінші тарап болашақ енесін жақтаған.

"Байғұс қыз түнгі ауысымдағы жұмыстан шыққан шығар", "Тараздың қызы ғой", "Расымен сұмдық жағдай", "Әлі келін болған жоқ. Жарасады", "Қыз өз үйінде ұйықтап жатыр" деген пікірлер қалдырған.