“Танымай қалдық”: Орамал таққан Әсел Сағатованың суреті талқыға түсті

Актриса Әсел Сағатова өзінің кинодағы жаңа образын паш етіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Кейбір оқырмандар өнер иесін бірден тани қоймаған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Танымай қалдық”: Орамал таққан Әсел Сағатованың суреті талқыға түсті

Әсел Сағатова ерекше образдағы суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда актрисаның басына орамал тартып, үстіне халат киіп алғанын көруге болады.

"Бір күні ауылда. Жақында жаңа фильм", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден оны қызу талқылап, өнер иесіне келіннің образы қатты жарасатынын жазды.
 

"Сұлу қыз", "Нағыз ауылдың келіні болып шыға келді", "Сізге мына образын жарасып кетті", "Керемет. Сізге сондай жарасып тұр", "Әселді бірден тани қоймадым", "Сізді танымай қалдық", "Сізді келіндік образда көрген қызық екен", "Әселге не кисе де жараса кетеді", "Әсел Москвичева болып тұрсыз", - деп жазуда оқырмандар.