Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 9 жылға артық өмір сүреді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандық әйелдердің зейнет жасын 63-тен 58-ге дейін төмендету талабының негізділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 9 жылға артық өмір сүреді

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық әйелдердің медициналық көмекке қаншалықты жиі жүгінетінін және денсаулығына байланысты 63 жасқа дейін жұмыс істеу қаншалықты қиын екенінің талданбайтынын ескертті. Сонымен қатар ол әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары екенін атап өтті.

"Егер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай жұмыс тобын құрса, біз міндетті түрде атсалысып, қандай мәселе екеніне байланысты мамандарды тартамыз. Әйелдерге келетін болсақ Қазақстандағы олардың өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда тоғыз жылға артық деп айта аламын", - деді министр.