Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Журналист: "Өз қазағын аборигенге айналдырып отырған шенеуніктер"

Танымал журналист Мариям Абсаттар өзінің Facebook парақшасында қазіргі елдегі жағдайды баяндап, қарапайым халық пен шенеунік арасындағы үлкен шұңқырдың барына ызаланды. 

Журналист: "Өз қазағын аборигенге айналдырып отырған шенеуніктер"

Кеше ЦОН-ға бардым. Кірем де шығам ғой, әрі кетсе 10-15 минуттың шаруасы деп ойлағам өзімше. Сөйтсем, қайдағы?! "Армандапсың ақ тоқты..." болдым да қалдым.

Әр адамға кемі 40 минут қызмет көрсететін шығар. Неге? Себебі компьютерлер ескі, атам заманғы. Қаусап тұр. Камерасы қосылмай қалады. Бұл да бір кәрі қаусап тұрған қарияға жұмыс жүктегенмен бірдей ғой. Оның құлағы нашар естиді, көзі көрмейді, әрең жүреді дегендей. Мұндағы техниканың да халі тура сондай.

 Сосын менде "неге осы қарапайым халыққа" деген нәрсенің бәрі бізде осындай төменгі сапада? Үйлерің анау ішіне кірмей жатып, төбесінен су ағып, кәріз құбыры тесіліп шыға келетін... именно мемлекеттік бағдарламаның үйлері. Немесе шаршы метрі тым кішкентай, планировкасы нашар деген ой туды?.. Кәдімгідей ызаландым.

 4%-бен берілетін көліктің түрі анау, елді топалаң қылып жинап алды, бірақ әлі ештеңе шешілмеген. Әрине, бұған күні қарап тұрғандар астында көлігі жоқ "жаяу мұсалар". Әйтпесе ақшасы болса, шекесінен шертіп жүріп таңдап, сол барған күні-ақ тізгіндеп қайтпай ма сабаздарың. Кілті аспандағы кісідегіге көзі мөлимей.

  ЦОН болсын, кезекпен берілетін тұрғын үй, арзан көлік бәріндегі ортақ бір мәселе - "кедейлерге сол да болады, осыған да рахмет айтсын" деген көзқарас. Ал кедей  дегеніміз кім - 90%-ы қазақтар. Осылай өз елінде өгейлік көріп жатқан басқа қандай ұлттарды білесіздер? Меніңше, ешқандай. Араб болғаны үшін байлыққа белшесінен батып отырған елдерді айтпай-ақ, іргеміздегі өзбек әкалар елінде - бәрі өзбек үшін. Ол елде бір күн тұрғың келе ме, өзбекше сөйле, білмесең үйрен. Яғни біздегідей орыстілділер байып, өз қазағын аборигенге айналдырып отырған шенеуніктер жоқ онда.

Тоқ етері, тізгін қазақтікі, ұлтқа жаны ашитындарға берілмей, осылай қаусаған техника, кірмей жатып қирап қалатын үй алғанымыз алған. Қайран, қазағым-ай...