Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

"Тапсырыс бердім": Түркістандағы кафе әкімшілігі ноутбукпен келген жігітті қуып шыққан

Түркістандағы кафелердің бірінде шу шықты. Дәмхана әкімшісі ноутбукпен келген клиентін қуып шыққан. Жанжалға ұласқан сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Тапсырыс бердім": Түркістандағы кафе әкімшілігі ноутбукпен келген жігітті қуып шыққан

Кикілжің клиенттің кафеге ноутбукпен кіруінен басталған. Ол сыртта ондай ескерту жазылмағанын айтады. Ал әкімші бұл компьютерлік клуб болмағандықтан ноутбукты өшіруді талап етеді.

Мен таңертең кофеге тапсырыс бердім. Қазір түскі асымды аламын. Сіздердің интернетті пайдаланып жатқан жоқпын. Өз интернетіммен отырмын. Ешқандай ескерту жазылмаған,

— дейді клиент.

Пікір жазған кафе әкімшісінің бұл әрекетін айыптап жатыр. Осыдан кейін елдегі сервистің дамуына күмәнмен келтіретіндер көп.

"Жалғыз клиентін қуып жатыр ма?", "Шет елде 4-5 сағаттан отыра береді. Адам көп болса кете береді", "Бұдан кейін кім бұл кафеге келеді", "Заң бойынша тыйым сала алмайды", "Мынау не сұмдық, бұл кафеге бармаңдар",

— деген сарындағы пікірлер көп.