"СК-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиевтің жалақысы - 1 миллион 300 мың теңге. Серіктестік басшысының орынбасары 900 мың теңге алады.
Бір миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы сұраққа "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жауап берді, деп хабарлады Stan.kz.
Есқалиевке "Дәрігер өз жұмысын орындап, әлеуметтік мәселелерге алаңдамауы үшін оның жалақысы қанша болуы керек?" деген сұрақ қойылды. Ерхат Есқалиев мәселе оның құзыретіне жатпайтынын айтты. Бірақ жақында БАҚ барлық ұсталымдарды ескере отырып, дәрігерлердің жалақысы миллион теңгеге жетеді деп хабарлады.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы дәрігерлердің орташа жалақысы 258 708 теңгені құрайтынын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар медбикелердің орташа жалақысы 161 281 теңгені құрайды.
2025 жылы Қазақстанда дәрігердің орташа жалақысы кем дегенде 550 мың теңгені құрайды деп күтілуде.
"СК-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиевтің жалақысы - 1 миллион 300 мың теңге. Серіктестік басшысының орынбасары 900 мың теңге алады.