Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақмола облысында браконьерлер қолға түсті

Щучье қаласының 30 және 38 жастағы тұрғындары ұсталды. Күдіктілерден 12 калибрлі мылтық және 1 еліктің еті тәркіленді. 

Ақмола облысында браконьерлер қолға түсті
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, облыс аумағында қазанның 12-і мен қарашаның 11-і аралығында "Браконьер" республикалық жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

"Іс-шара барысында "Қарағай" аңшылық шаруашылығы аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқан Щучье қаласының 30 және 38 жастағы тұрғындары ұсталды. Күдіктілерден 12 калибрлі мылтық және 1 еліктің еті тәркіленді", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Қазір күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 337-бабының 3-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктілерге қатысты "шақырғанда келіп отыру" процессуалдық міндеттеу шарасы қолданылды.