Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Бірден сегіз баланың анасы атанды": Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Отбасында бұған дейін бес бала болған, деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бірден сегіз баланың анасы атанды": Шымкент қаласында үшем дүниеге келді
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-аптасында жасанды тілік арқылы туылды. Сәбилердің салмағы 2000-2470 грамм аралығында, бойы 40-42 см аралығында. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дәрігерлердің айтуынша, Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.

Отбасында бұған дейін бес бала болған. Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.