Түркістан облысында бір жарым жасар бала тереңдігі төрт метр болатын дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Абырой болғанда, өңірдің құтқарушылары сәбиді дер кезінде құтқарып қалды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде болған. Дәретханаға түсіп кеткен баланы өздігінен шығара алмаған тұрғындар құтқарушыларды көмекке шақырған.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері, полиция департаментінің 2 қызметкері келген. Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.