Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Соғыс және тыл ардагерлері ТМД елдеріне поездбен тегін бара алады

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, тыл еңбеккерлері және еңбек майданының қатысушыларына теміржол көлігімен тегін жол жүре алады, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

Соғыс және тыл ардагерлері ТМД елдеріне поездбен тегін бара алады
Сурет: ашық дереккөз

Науқан 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Қазақстан теміржолы компаниясының хабарлауынша, теміржол көлігімен тегін жүру 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және еңбек майданының қатысушыларына беріледі.

Барлық бағыттағы (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегінде) пойыздардың купелік вагондарында, сондай-ақ қаламаңы қатынасындағы пойыздарда, "Турист" класты вагондарда және "Talgo" компаниясының вагондарынан құрылған пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купеде тегін жол жүру көзделген.

Тегін жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасына Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігін, тыл еңбеккері және еңбек майданының қатысушысы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті органның белгісі бар зейнетақы куәлігін ұсыну қажет.

ТМД елдеріне барған кезде тегін жол жүру үшін құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде ғана ресімделеді.