Бүгіннен бастап пойыздардың қатынауына шектеулер енгізілді

Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы барлық ақпаратты "105" анықтамалық нөмірі арқылы білуге болады.

Бүгіннен бастап пойыздардың қатынауына шектеулер енгізілді
фото: NewTimes.kz

9 қарашадан бастап Алматы – Петропавл, Павлодар – Алматы бағытындағы жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі уақытша өзгертілді. Бұл туралы paryz.kz StopCovAlmaty телеграм каналына сілтеме жасап хабарлады.

Сондай-ақ, жолаушылар пойызының жұмысына да шектеулер енгізілгені хабарланды. Мәселен, Ақмола облысындағы Атбасар, Ерейментау, Аршалы, Курорт-Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау стансаларынан басқа бекеттердің бәрінде билет сатуға уақытша тыйым салынған. Павлодар облысында, Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл стансаларынан басқа бекеттерде билет сатылмайды. Сол сияқты, Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная стансаларынан басқа бекеттерге билет сатуға уақытша тыйым салынды. 

Оған қоса, Солтүстік Қазақстан облысында транзиттік жолаушылар пойыздарының барлық бекет арқылы жолаушыларды отырғызып, түсіруге тыйым салынған. 

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан (Нұрлы Жол) - Өскемен-1, Алматы-2 - Өскемен-1 бағытындағы жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі уақытша қысқартылған. 

Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы барлық ақпаратты "105" анықтамалық нөмірі арқылы білуге болады.