Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Латын әліпбиіне өту - мемлекеттің ең үлкен қателігі» - Серік Ерғали

Латын әліпбиіне көшу идеясынан бас тартып, ескі әдіс кирилицамен жүре беруіміз керек. Белгілі тіл жанашыры Серік Ерғали «Сұрауы бар» Youtube арнасындағы подкастта осындай пікір білдірді. Қоғам белсендісі латын қаріпіне ауысуды мемлекет басында отырғандардың жіберген ең үлкен қателігі деп есептейді.   

«Латын әліпбиіне өту - мемлекеттің ең үлкен қателігі» - Серік Ерғали

«Енді кирилицада қалу керек. Неге? Өзбектер мен әзірбайжандар қазір жылап отыр.? Ұрпақ бөлініп қалды. 7 жастан бастап 30-35-ке дейінгі латынша, одан арғысы бұрынғы кирилицада. Ал бізде қалай? Бізде ұрпақ бөлінеді, Қазақстан екіге бөлінеді. Қазақ, орыс тілді болып тағы да бөлінеді. Қазақ тілді қазағың да кирилл және латын қаріптерін қолданатындар болып екіге жарылады. Сонда сенің 13 млн қазағыңның латыншамен жазатыны ары кетсе 3-4 млн ғана болады», - дейді Серік Ерғали. 

Айта кетейік, таяуда Нұр-Сұлтандағы №93 мектептен «орыс сыныбын ашып беріңдер» деп бір топ ата-ана шу шығарған болатын. Бұл дауға мәжіліс депутаттары мен тіл жанашырлары қатысты. Серік Ерғали бұған «орыс тілді қазақ келіндерінің көтерілісі» деп те ат қойып алған.

«Ал енді тілдік орта тарылған кезде «келіндер көтерілісі» емес, «шалдар көтерілісі» пайда болады. Яғни, біз кешіккен нәрсені жасаймыз, тоңғаннан кейін көрпе жамылып керек емес. Тоңбай тұрып жамылу керек», - дейді Серік Ерғали.