Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"399 дипломды заңдастырмаған": Қызылордадағы институттың түлектері далада қалып отыр

"Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық инстиутынан заңдастырылмаған диплом алған бітірушілер "далада қалғандаймыз" деп сан соғып отыр. Соның кесірінен бір жылдан бері олар не жұмысқа тұра алмай, не басқа университетке оқуға түсе алмай жүр, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"399 дипломды заңдастырмаған": Қызылордадағы институттың түлектері далада қалып отыр
Сурет: Exk.kz

2021 жылы бұл институтты 399 түлек тәмамдаған. Түлектер дипломның жарамсыз екені бастапқыда мүлдем ескертілмегенін айтады. Бітірушілердің көбі дипломдағы шикілікті жұмысқа орналасуға барғанда ғана білген.

Не істерімізді білмей жүрміз. Бір жыл болды. Институттың басшылары "дипломды әне-міне заңдастырамыз" деп алдаумен келеді. Жарамсыз болып қала беретін болса, бізге оқу ақымызды қайтарып берсін,

— дейді аталған институттің түлегі Аида Асқар.

Содан бері бітірушілер институттың табалдырығын тоздырумен болған. Осы мәселемен оқу орнына тіпті аптасына екі рет келеміз дейді. Алайда білім ордасының басшылары әр жолы жақында болады деп арқаларынан қағып, шығарып салады екен.

Енді біз институтты сотқа береміз. Не масқара? Бұлар білім және ғылым министрлігін кінәлайды. Сол жақ заңдастырмай жатыр, күтіңіздер деп. Қашанғы күтеміз? Шыдамның да шегі бар,

— дейді түлек Шолпан Қарамырзаева.

Ал "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық инстиутының ректоры Ерлан Шынбергенов дипломдары онда сәйкестендіру коды жазылмағандықтан жарамсыз болып қалғанын айтады. Оның сөзінше, былтырғы түлектерге диплом Білім және ғылым министрлігінің QR код енгізу туралы бұйрығы шықпай тұрып берілген. Бірақ министрлік сонда да 399 дипломды заңдастырмай, созбалаңға салып отыр екен.

Осыған байланысты бас прокуратураға арыз бердік. Бізде бәрі заңды болғаны туралы құзырлы орган шешім шығарған. Олар БҒМ-іне дипломды заңдастырсын деп тапсырма берген. Біз соны күтіп отырмыз,

— дейді институттың ректоры Ерлан Шынбергенов.

БҒМ-нің баспасөз қызметіндегілер қазір "Ақмешіт" инстиутының мәселесін бас прокуратура қарап жатқанын растады. Сол үшін бұған қатысты толық ақпаратты әзірге бере алмайтынын айтты.