Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Бізде таңдау жоқ!": Қазақстандық мұғалімдер петиция жариялады

Қазақстандық мұғалімдер петиция жариялады. Олар сайлау науқандарына педагогтерді жұмылдыруға заңды түрде тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап. 

"Бізде таңдау жоқ!": Қазақстандық мұғалімдер петиция жариялады
Сурет: ашық дереккөз

Мұғалімдер мен тәрбиешілер өздерінің педагогикалық міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға, соның ішінде ауыр дене еңбегіне, сенбіліктерге, сайлауалды шараларға тартылып жатқандарына наразылықтарын білдіреді. Бізде таңдау жоқ!,

— делінген петицияда.

Сондай-ақ мұғалімдер мен тәрбиешілер мектеп әкімшілігінің түрлі бопсалауларына, газет-журналдарға мәжбүрлеп жазылуға, билет сатып алуға, партиялық жарналарға жегілетіндерін айтады.

"Мұғалімдер мен тәрбиешілер партияда болмай, біліммен айналысуы керек! Бұған дейінгі сайлау жұмыстарына байланысты қоғамда біз туралы теріс пікір қалыптасты. Сайлаумен біз емес, ОСК немесе басқа жауапты орган айналысуы керек! Біз, Қазақстан Республикасының ұстаздары мен педагогтары Білім министрі Асхат Аймағамбетовтен саясатқа мүлдем араласпауды заңнамалық деңгейде талап етеміз! Біз тек балаларға білім берумен айналысқымыз келеді!", — деген петиция авторлары.

Қазіргі кезге дейін петицияда 327 адам қол қойған.