Банкке жиырма екі несиені қатар төлеп отырған қазақстандық азамат елді таң қалдырды. Оның сөзінше, қажет кезінде банктен аз көлемде несие ала берген. 22 несиесі бар қазақстандық азамат елге өзінің қарызын есептеп берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Желіде банкке ай сайын төлеп отырған несиелерінің санын түгендеген Қазақстан азаматы жұртты көңілді бейнежазбасымен күлкіге қарық қылды. Ол осы күнге дейін бірнеше рет несие алған. Дәл қазіргі уақытта ол 22 несиені бір банкке қатар төлеп отыр екен.
"Қарап отырғанша несиелерімді санап жіберейін. Бір, екі, үш... жиырма бір, жиырма екі... Менің жиырма екі несием бар. Нағыз қазақпын!", — деді жазба иесі.
Кеңінен талқыға түскен бейнежазбаны жұрт талқыға салып, түрлі жорамал айтып жатыр.
"Азық-түлікке дейін несиеге алған ба?", "Дым көрмегендей алыпсың ғой", "Банктің сеніміне кірген адам", "Айына кемі 300-400 мың төлейтін шығар", "Құдай қарыздан сақтасын" деген пікірлерін жазып қалдырған.