Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Оралда егіз босанған келіншек қайтыс болды

Оралда егіз босанған келіншек көз жұмды. Марқұмның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап.

Оралда егіз босанған келіншек қайтыс болды

30 сәуір күні қалалық көпсалалы ауруханада 35 жастағы әйел қайтыс болды. Егіз босанғаннан кейін әйелдің жағдайы нашарлаған. Сәбилер перзентханадан анасыз шықты. 

Жаңа туған екі сәбиден бөлек, әйелдің тағы үш баласы бар болып шықты. Қара жамылған үйдің тұңғышы небәрі 10 жаста.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар қызметтік тергеуден кейін ақпарат беретіндерін мәлімдеді.