Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазба жариялап, барша ер азаматтарға үндеу жасады. Өнер иесі оларға отбасыдағы тыныштықты сақтап, әйел затына көбірек көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Жұлдыз Әбдікәрімова аталмыш жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Ол ер адамдарға сүйіктісінің көңілін көтеру үшін не істеу керектігін де айтқан.
"Бірлік әр отбасында, отанымызда, әлемде болғай. Өз шаңырағында кикілжің мен ашуға булығып шыққан маман жұмыс орнында және қоғамдық жерде негативін сыртқа шашады. Одан қаншама адамның қарым-қатынасы, келіссөзі бұзылады. Ол міндетті түрде айналасына, ортаға әсер етеді. Қоғам – халықтың бір бөлігі. Халыққа әсер еткен дүние мемлекетке де тиеді. Айтпағым, түйедей даудың басы түймедей дүниеден тұтанып кетуі мүмкін. Сондықтан, Отандағы тыныштықты, бірлікті қаласаңыздар, ер азаматтар, отбасындағы ауа райын бұзып алмай, әйелдердің көңілін жиі көтеріп, бірлік пен берекені сақтауға тырысыңыздар. Оның басы – әдемі гүл шоғы мен дер кезінде бөлінген көңіл", - деп жазды актриса.