Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Мазақ еткені нес": Композитортың батасы көпшілктің ашуын келтірді

Қазақстанның халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаевтың ауыз ашарда берген заманауи батасы оқырмандардың сынына ұшырады. Ол әнші Мақпал Жүнісованың үйіндегі ауызашарда асқа бата қайтару кезінде әріптестерінің есімін атап, әзілдеген, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Мазақ еткені нес": Композитортың батасы көпшілктің ашуын келтірді

"Кенжебектің шашын, Мұқасанның қасын, "Диета.кз-тің" көлемін, Марал Әмірбектің өлеңін, Мақпалдың күлкісін, Мейрамбектің ұйқысын берсін. Ал оразаларыңыз қабыл болсын, қазағымыз аман болсын. Мақпалымыздың өнері тағы примерно 40 жылға жалғассын,

— деп бата қайырған Қорзабаев.

"Дардай еркек ораза кезінде батаны мазақ еткені несі", "Мынау не бата, ұят", "Мейрамбектің маубас екенін жария ете салды", "Неге қуып кеткен, біз оларға мұқтаж емеспіз", "Түк тәрбие жоқ, мәдениет қайда", "Өздері риза болса болды әйтеуір",

— осындай сарындағы пікірлер көп.