Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Жезқазған Ресейдің жері ме?": Желіде дүкендегі жанжал талқылануда

Жезқазғандағы дүкендердің бірінде төбелес болды. Жанжалдың шығуына орыс әйелдің "қазақ жері - орыстыкі" деген сөзі себеп болған. Бұл келеңсіз жағдай ғаламторда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Жезқазған Ресейдің жері ме?": Желіде дүкендегі жанжал талқылануда

Тауар бағаларының қазақ тілінде болуын талап еткен азаматтың өтінішіне "Жезқазған — Ресейдің жері" деп дөрекі жауап берген ұлты орыс әйелдің әрекеті ғаламторда қызу талқыға түсті.

Онда бірнеше дүкен қызметкерінің тұтынушыға түрлі сөз айтып жатқанын байқауға болады. Әсіресе, "Бұл — Ресейдің жері" деген дүкен қызметкерінің сөзінен кейін жағдай тіпті ушығып, арты төбелеске ұласады. Бірақ жанжалдан ешкім зардап шекпеді.

Сәл кейінірек бейнежазбадағы дүкен қызметкерлері бейнежазба арқылы халықтан кешірім сұрады. Олар ауыздан ащы сөздің ашумен шыққанын, тауар бағаларын қазақ тіліне ауыстырып жатқандарын жеткізді.

Ал желі қолданушылары сепаратистік әрекет танытқаны үшін оларды жауапқа тартуды талап етіп отыр.

"Сепаратистік әрекет үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 180-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етемін. Бұл — үгіт-насихат. Ауыр қылмыс, жауапкершілік 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру керек", "Бұларды заңмен құрықтау керек! Билік халықтың қаны басына теппесін десе, заңды қолдансын! Оған негіз тұр тұнып, "бұл — Ресей жері" деп іріткі салды — бір, заң бойынша мемлекеттік тілде жазуды талап еткен Қазақстан азаматына қарсы күш қолданды — екі!", "Мынау не сұмдық?! Тіпті ұрып-соқпаған күннің өзінде, дүкенде қазақ тілінде бағалардың жазылмауы, екіншіден, "бұл Ресейдің жері" деп арандату жасағаны үшін дүкен басшысы, сатушы, ана Сережасы кемінде 5 жылға сотталуы керек", — деп жазды желі қолданушылары.