Блогер, экономист Дәулет Мұқаев көпбалалы ананың тұсауын кесті. 36 жастағы келіншек сүріне беретінін айтып, блогерге өтініш жасаған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Тұсаукесудің потологы. Көпбалалы ананың арманы орындалды. Сұрады, кестім! Бастысы өзі мәз, риза. Ақ жол", - деп жазды Дәулет Instagram парақшасында.
"Самал есімді 36 жастағы оқырманым тұсауымды кесіп берсеңіз деп өтініш жасады. "Әзілдеп тұрсыз ба?" - десем: "Жоқ, мен сүріне беремін, тұсауым кесілу керек", - деді ол.
Қарағандыда 28 жастағы қыз сұрағанда ыңғайсызданып, кескен жоқпын. Бұл жолы Самал ханым сұрағаннан кейін, тұсауын кесейік. Ақ жол енді, сүрінбеңіз", - деп тілек білдірді блогер.
Мұқаев, сонымен қатар, әйелдің баласының да тұсауын кескен.