Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Сол кездесу кезінде 80-нен асқан қария қала әкімі Ерболатқа шөбересінің тұсауын кестірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап.
Видео лезде желіде тарады. Бейнежазбада бір келіншектің еденге ақ матаны жайып жатқанын көруге болады. Кейін ата қалтасынан ала жібін алады. Қарияның осы әрекетіне қарап, оның арнайы дайындалып келгені байқалады. Ерболат Досаев кішкентай баланың ала жібін әдеттегідей қайшымен емес, пышақпен кесті.
Сеніміңізге рақмет,
— деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Қуанышын жасыра алмаған ақсақал шөбересіне батасын берді.
Бауыржанның батырлығын, Абайдың ақындығын, Күләштің әншілігін берсін. Табаны жерден таймасын. Ерболат өзіңдей "бір жерден шығатын үлкен азамат" болсын,
— деді қария.