Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақты маймылға теңеген Божко екі жылға сотталды

Ол жазасын қоныс колониясында өтейді.

Қазақты маймылға теңеген Божко екі жылға сотталды
фото: yvision.kz

Қазақты маймылға теңеген Кирилл Божко 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz"Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

Рудный қаласының 46 жастағы тұрғыны қыркүйек айының соңында украиндық блогердің ютуб каналындағы тікелей эфирге қатысып, қазақтың ар-намысына тиетін сөздер айтып, маймылға теңеген. Күдіктінің кінәсі желіде тараған бейнежазба мен сараптама нәтижесінде дәлелденген. Оған "ұлтаралық араздық тудырды" деген айып тағылған. Енді ол жазасын қоныс колониясында өтейді.

Айта кетейік, атышулы видео интернетте тарағаннан кейін Кирилл Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрап, бейнеүндеу жолдаған болатын.

"Мас болған едім, соның кесірінен осындай жағдай болды. Негізі қазақ халқын өте сыйлаймын. Істеген ісіме өкінемін. Мені кешіріңіздерші! Қазақ халқынан кешірім сұраймын", - деді ол.