Қазіргі таңда хиджаб киген қыздардың TikTok желісіне видео түсіру қалыпты жағдайға айналып бара жатыр. Қарапайым желі қолданушылардың бірі видео түсірген орамалды қыздарды қолдайды, енді бірі даттайды, деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Бірақ, шын мәнінде бұның дұрыс немесе бұрыс екенін шариғат пәтуа бөлімінің меңгерушісі айтып берді.
«Орамал таққан қыз жақсы нәрсені насихаттап тұрса, түсірсе болады. Орамалын киіп тұр, дұрыс нәрсені насихаттап тұрса, өзінің әкесі, ағасы, тұрмыста болса күйеуі қарсы болмаса рұқсат етіледі», - деді шариғат пәтуа бөлімінің меңгерушісі.
Ал Алматы орталық мешітінің наиб имамының айтуы бойынша, бұл орамал таққан қыздардың жеке қалауы. Түсірген видеосы киімі секілді өзінің таңдауы. Неге басқаларға түсіруге болады, ал намаз оқитын адамдарға болмайды? Видео түсіруге тиым салуға ешкімнің құқығы жоқ.