Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Жаңалығым бар": Түрік жігітімен суретке түскен Кәмшат Жолдыбаева халық назарында

Әлеуметтік желідегі ашық образдары үшін әрдайым оқырмандарынан оңбай сөз еститін Жолдыбаева тағы да ел назарында. Бұл жолы түрік жігітімен суретке түскен Кәмшат халықтың ашуын тудырған, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Жаңалығым бар": Түрік жігітімен суретке түскен Кәмшат Жолдыбаева халық назарында

Кәмшат шетелдік азаматпен түскен фотосын желіге жүктеп, жақында жақсы жаңалықтың боларын айтқан. Қазақстандық әнші қыз түрік өнерпазымен шығармашылық байланыс орнатыпты. Екі елдің жұлдызы дуэт жазып, клип те түсірген. Бұл жайында Жолдыбаеваның өзі Instagram-да жазды.

Достар, менің шығармашылық жаңалығым бар. 6 мамыр күні Түрік елінің танымал да, талантты әншісімен дуэтімізді, яғни бейнебаянымызды сіздердің назарларыңызға тарту етеміз,

— деді Кәмшат Жолдыбаева.

Түрік азаматының жанында жартылай жалаңаштанған Жолдыбаеваның бұл жаңалығы көпшілікке жақпай қалған. Оқырмандардың пікірі екіге бөлінді.

"Дуэт айтатын қазақ табылмады ма?", "Біреудің қаңсығы қазаққа таңсық дейді ме...", "Таста, Бейбіт Қорғанмен айтшы", "Өте әдемі жұп. Сәттілік!", "Тағатсыздана күтетін боламыз", "Адам емессің ғой", — деді оқырмандары.

Айта кетейік, бұл Кәмшаттың шетелдік әріптестерімен жазған алғашқы дуэті емес. Жолдыбаева осы уақытқа дейін қырғызстандық танымал әнші Мирбек Атабековпен де бірге бейнебаян түсірген. Аталған клиптегі қазақ қызының ерсі әрекеттері де кезінде қатаң сынға ұшыраған еді.