Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда алдағы демалыста карантин карантиндік шаралар күшейтіледі

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жарлығына сәйкес, қыркүйектің 5 мен 6 күні  қалада қосымша карантиндік шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда  алдағы демалыста карантин карантиндік шаралар күшейтіледі
сурет liter.kz сайтынан

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндері Алматыда келесі шектеу шараларын енгізу көзделген:

- азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлікке жатпайтын және азық-түлікке жататын жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;

- сұлулық салондарының, шаштараз салондарының, курорттық орталықтардың, косметикалық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын тоқтата тұру;

- фитнес орталықтары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, спорт залдарының, спорт кешендерінің жұмысын тоқтата тұру;

- сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

- ашық аттракциондарды тоқтата тұру.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік пен метроның жұмысы тоқтатылады.