Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда стриптиз клубта ерлерге интим қызмет ұсынылған

Онда  ер адамдарға қызмет көрсететін 13 қыз болған. Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеуге келгені анықталды.

Алматыда стриптиз клубта ерлерге интим қызмет ұсынылған
Фото: дереккөз

Алматыда түнгі стриптиз-клуб қонақтарды қабылдап, интим қызметін ұйымдамтырған, деп хабарлады paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шаралары және азаматтардың жаппай болатын жерлеріне бақылау жүргізу барысында қонақтарды қабылдаған түнгі стриптиз-клубты анықтады.

"Полиция Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан стриптиз-клубты анықтады. Онда  ер адамдарға қызмет көрсететін 13 қыз болған. Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеуге келгені анықталды. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.