Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Пациенттен "таяқ жеген" дәрігер қол жұмсаған адамның заңды жазасын талап етуде

Қарағандыда дәрігерге қол жұмсаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz.-ке сілтеме жасап. 

Пациенттен "таяқ жеген" дәрігер қол жұмсаған адамның заңды жазасын талап етуде
Сурет: Turkystan.kz

Оқиға Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында болды. 1986 жылғы ер адам қолының жарақатына шағымданып, емханаға жүгінген. Травмотолог гипс салуға кеңес береді, алайда пациент көмектен бас тартқан. Емхана дәлізінде ер адам дәрігерді қуып жетіп, ерсі әрекет жасаған. Артынша, туындаған кикілжіңнен кейін дәрігерге қол жұмсаған.

Емхана бейнекамерасына түсіп қалған бұл жағдай әлеуметтік желіде бірден тарап кетті.

«Аталған факт тіркеуге алынды. Сот-медициналық сараптама жүргізу ұсынымы тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігер өзіне қол жұмсаған ер адамға кешірім бергісі келмейтінін әрі оның заңға сай тиісті жазасын алғанын қалайтынын жеткізді.

Видеоны осы сілтеме бойынша көруге болды.