Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

БҚО-да 15 жастағы қыз теріс діни ағымдағы адамға тұрмысқа шығып кетіпті

Қалыңдық қара түсті паранжа киіп, бетін бүркемелеп, туған-туыстарымен байланысты үзуге тырысқан.

БҚО-да 15 жастағы қыз теріс діни ағымдағы адамға тұрмысқа шығып кетіпті
фото: mail.kz

Батыс Қазақстан облысында ер адам 15 жастағы қызға үйленді. Неке ресми түрде тіркелмеген, деп хабарлады paryz.kz.

Бұған дейін, яғни16 қыркүйекте Бөрілі ауданында бір бойжеткеннің жоғалғаны хабарланған болатын. Кейін ол Орал қаласынан табылды.

"Мән-жайды анықтау кезінде оның «шариғат заңымен» тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Күйеуі дәстүрлі емес дін ағымын ұстанады деген болжам жасалып отыр. Имамдар, мешіт өкілдері мен қыздың туыстары неке қиылған кезде болмаған", - деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.

Қалыңдық қара түсті паранжа киіп, бетін бүркемелеп, туған-туыстарымен байланысты үзуге тырысқан. Ал ер адам "некені" негіз етіп, 2005 жылы туған қызбен жыныстық қатынасқа түскен.

"Оның мұндай әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігіне («16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу») сәйкес қарастырылатын болады», - делінген хабарламада.

Кінәлі деп табылса, 5 жылға дейін бас бостандығы шектеліп немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.