Әлеуметтік желіде погон таққан әйелдің «Saryarqa» телеарнасына берген сұхбаты қызу талқыланып жатыр. Ең қызығы, әлгі видеода құзырлы орган өкілінің сұхбатта не айтқандығы емес, оның екі иығына екі түрлі погон тағып алғандығы желі қолданушыларын елең еткізді деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбадан байқасаңыздар, титрда «Жұлдыз Буламбекова, руководитель управления Комитета по правовой статистике и специальным учётам» деп жазылған. Ал оның бір иығына жұлдыздың орнына «белгісіз бір белгі тағылған».
«Жаңадан погон пайда болған ба, ағайындар!? Иығындағы погонды көрмесе, халықтың көкейіндегі қыжыл мен ақиқатты қайдан көреді? Қағазға қарап, орысшалап оқып беріп, план орындап отырған сияқты жүйеміз» деп жазды видеоны желідегі парақшасына жариялаған Сардар Әбдіжақия есімді желі қолданушысы.
Посты көргендер болса, мұны күлкіге айналдырды.
«Ұят болған екен. Қазақша оқытып, орысшаға аударса болмай ма екен? Ай, қасқалар-ай! Бүкіл ІІМ жұмысын нөл қылды-ау…», «Масқара», «Погон қандай болса, жұмысы да сондай, кері кеткен деп осыны айтуға болатын шығар…», «Ойбу, қалай тағу керек екенін білмейді ғой. Амал қанша?», «Бірдеңені тындырғандай судыратуын қарашы!» дегендей жағымсыз пікірлерді қарша боратты жұрт.