Жақында ғана алғаш рет ана атанған Айсәуле Бақытбек желіде қызымен түскен ерекше видеоны бөлісті. Желі қолданушылары анасы мен қызына жылы лебізін білдірген, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Айсәуле Бақытбек отбасылық бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда желі жұлдызы алдымен аяғы ауыр сәтін бөлісіп, кейін қызын қолында ұстап тұрған видеоны ұсынды. Желі қолданушылары анасы мен баласына сүйсіне қарап, оларға деген ыстық ықыласын білдірді.
"Көз тимесін сіздерге, сондай тәттісіздер", "Сізге ана болған сондай жарасады", "Денсаулығыңыз мықты болсын", "Қызыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Сізді жаңа босанған ана деп айту қиын. Өз қалпыңызға тез келіпсіз", "Қызыңыз өзіңіз сияқты сәнқой болып өсетін болды", - деп жазуда көпшілік.