Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қаңтар қырғыны кезінде Telegram арқылы нұсқау берген күдікті ұстады

Тәртіп сақшылары қаңтар қырғынына қатысушылардың әрекетін үйлестіріп, нұсқау берген Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов, деп жазады Paryz.kz, Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаңтар қырғыны кезінде Telegram арқылы нұсқау берген күдікті ұстады
Сурет: ашық дереккөз

Оның айтуынша, 4 қаңтарда Алматыда жүрген Жамбыл облысының тұрғыны Telegram-арнасын ашып, санаулы сағатта бірнеше мың оқырман жинаған.

Осы арна арқылы қатысушылар баррикадалар орнату, молотов коктейльдерін жасау, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсету, ғимараттарды басып алу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар алып отырған.

“5 және 6 қаңтарда бүлікшілердің қозғалысын және олардың Жамбыл облысындағы мемлекеттік нысандарға шабуыл жасау туралы ақпарат жолданып отырған”, - деді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, тергеуде тиісті дәлелдер бар. Қазір күдікті қамауға алынды