«Қазгидромет» РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері ластаушы заттардың шекті концентрациясынан асып кеткенін анықтады.
Яғни ауаны ластаушы заттардың ішінде: күкіртсутегінің белгіленген шектен асып кетуінің 38 жағдайы, РМ2,5 шаңның 76 жағдайы, РМ10 шаңының 7 жағдайы, азот оксидінің 30 жағдайы, азот диоксидінің 53 жағдайы тіркелді.
Азот диоксиді бойынша № 5 бекет (Тұран даңғылы 2/1), күкірттісутегі бойынша №8 бекет (Көктал шағын ауданы), РМ2,5 бойынша №6 (Ақжол көшесі) мен № 7 (Түркістан көшесі) бекет аудандары басқалардан көп ластанған. Нұр-Сұлтан қаласындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 10 стационарлық бекетте жүргізіледі, оның ішінде 6-уы автоматты бекет және 4 бекетте қолмен сынама алынады.
NASA-ның картасына сәйкес, 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошақтары байқалды. Бұл өрттер өз кезегінде, бүгін елордада байқалған түтінге әсер етуі мүмкін еді. Синоптикалық жағдай келесідей: Болжам бойынша, алдағы күндері кұг құбылмалы болады, жауын жауады, 18, 20-21 сәуірде жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.
Түнде ауа температурасының 5...7 градусқа дейін біртіндеп жоғарылауы, күндіз 15...17 градустан 10...12 градусқа дейін төмендеуі болжанып отыр.